+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қазақстан Бангладешке - әскери жабдық, Италияға - аккумулятор өткізе бастады

2020 жылғы 8 ақпан 22:51
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауда және интеграция министрлігі таяуда отандық өнімдер жаңа нарықты жаулайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бір жылда 2,7 млрд доллардан асты Қазақстан Беларусь әмбебап тауар биржасы арқылы экспортты ұлғайтпақшы Қазақстан АӨК өнімдерін шетелге қаншалықты экспорттап жатыр

Министрлікте өткен жиында Бақыт Сұлтанов өткен жылғы жұмыс қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.

Әлемдік сауданың трансформациясы және әлемнің ірі экономикалары арасындағы протекционистік шаралардың күшеюі жағдайында сыртқы сауда саясатын жетілдірудің қажеттілігі артып келеді.

«Осыған байланысты министрлік бүгінгі сын-қатерлерді ескере отырып, экспортты жылжыту орталық міндет саналатын сауда саясатын модернизациялауға шоғырландырды. Осы мақсатта қазақстандық экспорттаушыларға маркетингтік қолдау көрсетілді. Министрлік жұмыс істеген алты ай ішінде шетелде 300-ге жуық қазақстандық компаниялардың қатысуымен 50-ден астам іс-шаралар өткізілді. Бизнес-іс-шаралардың нәтижесі - 114 млрд теңгеден астам сомаға немесе 270 млн доллардан астам 63 экспорттық келісімшарт» делінген хабарламада.

Қазақстандық өнімдердің экспортын жылжыту, сауда ынтымақтастығын дамыту және мәмілелер жасасу бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында Сыртқы істер министрлігімен бірлескен іс-шаралар жоспары жасалды.

«Біз бұл тетіктер өндіріс құнын 5-10% төмендетеді, сонымен қатар экспорт географиясы мен тауарлар түрін кеңейтеді деп үміттенеміз. Мәселен, жаңа нарықтар пайда болды. Алғаш рет әскери техника Бангладешке, ал аккумуляторлар Италияға жеткізілді», -деп атап өтті сауда және интеграция министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT