Қазақстан балмұздақты Түркия мен Франциядан сатып алады, ал өз өнімін көршілеріне экспорттайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда түрік, француз және швейцариялық балмұздақ сұранысқа ие, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитеті тәтті десерт – балмұздаққа байланысты қызықты фактілерді бөлісті.

Қаңтар-сәуір айларында Қазақстан 910,8 мың АҚШ доллары сомасына салмағы 234,2 тонна балмұздақ экспорттады.

Үшінші елдерден (ЕАЭО-ға кірмейтін елдер) 1 852,9 мың АҚШ доллары сомасына 432,8 тонна импортталды.

Соңғы 3 жылда балмұздақ экспорты 4 832,3 мың АҚШ доллары сомасына 1 217,8 тонна болды (2020 жылы – 284,8 тонна, 2021 жылы – 367,9 тонна, 2022 жылы – 565,1 тонна), импорт - 1 686,6 тонна, сомасы - 6 453,2 мың АҚШ доллары (2020 жылы – 263,1 тонна, 2021 жылы – 215,2 тонна, 2022 жылы – 1 208,3 тонна).

Қазақстандық балмұздақтың негізгі сатып алушысы - Өзбекстан (2020 жылы – 221,6 тонна, сомасы 872,3 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 285,7 тонна, сомасы 1 052,5 мың АҚШ доллары, 2022 жылы – 400,7 тонна, сомасы 1 580,5 мың АҚШ долл.).

Сондай-ақ, отандық балмұздақ Моңғолияға, Әзербайжанға, Түрікменстанға және Тәжікстанға жіберіледі.

Бірақ елімізде шетелдік балмұздаққа сұраныс жоғары.

Франциядан (2020 жылы-167,5 тонна, 702,1 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 110,5 тонна, сомасы 448,2 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 168,7 тонна, сомасы 815,2 мың АҚШ долл.), Швейцариядан (2020 жылы – 34,6 тонна, сомасы 286,6 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 59,4 тонна, сомасы 481,9 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 77,2 тонна, сомасы 630,3 мың АҚШ долл.) және Түркиядан ( 2020 жылы – 2,4 тонна, сомасы 14,8 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 7,6 тонна, сомасы 34,2 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 911,5 тонна, сомасы 2 483,7 мың АҚШ долл) балмұздақ әкелінді, сондай-ақ импорттаушылар қатарында Украина, Испания, Италия, Оңтүстік Корея және Бельгия бар.

Сонғы жылы, әсіресе, елімізде Түркия елінен әкелінген балмұздаққа сұраныс баршылық.

Қазақстан биылғы 4 айда Түркиядан (266,8 тонна, сомасы 944,0 мың АҚШ долл.), Литва (70,7 тонна, сомасы 304,6 мың АҚШ долл.), Франция (49,8 тонна, сомасы 376,8 мың АҚШ долл.), Швейцария (15,0 тонна, сомасы 136,6 мың АҚШ долл.), Иран (10,6 тонна, сомасы 1,2 мың АҚШ долл.), сондай-ақ Украина (11,3 тонна, сомасы 55,0 мың АҚШ долл.) және Италиядан (8,6 тонна, сомасы 34,7 мың АҚШ долл.) балмұздақ әкелді.


Соңғы жаңалықтар