Қазақстан бақытты елдердің әлемдік рейтингінде 40-орынға тұрақтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан бақытты елдердің әлемдік рейтингінде 40-орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019-2021 жылдардың аралығында 3 жыл бойы жүргізілген рейтинг әлемдік сауалнама нәтижелерінің орташа көрсеткішіне негізделген.

Рейтингке әлемнің 146 елі кіреді.

Оған сәйкес, ең бақытты елдердің көшбасында Финляндия болса, одан кейінгі орындарға Дания мен Исландия жайғасқан.

Төртінші орында Швейцария тұр. Ал үздік бестікті Нидерланд қорытындылайды.

Сонымен қатар үздік ондықтың қатарына Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль, Жаңа Зеландия елдері кіреді.

Еуропалық елдердің ішінде Германия 14-орында тұр. Ал АҚШ 16-орынға жайғасқан. Біріккен Араб Әмірліктері 24-орында.

Қазақстанның орны - 40, ал көршілес Өзбекстан 53-орынға, Қырғызстан 54-орынға, Беларусь 64-орынға, Ресей 80-орынға, Армения 82-орынға, Тәжікстан 83-орынға, Әзербайжан 92-орынға орналасқан.

Рейтингтің ең төменгі орындарында тұрған елдер мыналар: Зимбабве, Ливан, Ауғанстан.


Соңғы жаңалықтар