Қазақстан бадминтон федерациясының президенті сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бадминтон федерациясының кезектен тыс конференциясында атқарушы комитет пен тексеру комиссиясының жаңа құрамы жасақталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, федерация құрамына Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері еніп, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. 

Форум барысында Конференция мүшелерінің шешімімен Ұлан Байжанов федерация президенті болып тағы да төрт жылға сайланды. 

«Бұл маусымда Қазақстан бадминтон федерация өз мәртебесін арттырып, тұрақты түрде дамуда. Бүгінде федерация өкілдері Ұлттық Олимпиадалық комитет қолдауымен олимпиадалық спорт түрлерінен құрама командаларды қаржыландыру мәселесін жоспарлап, орындау барысына тұрақты түрде қатысып келеді. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбавтың шешімімен 2019 жылдан бастап олимпиадалық спорт түрлеріндегі бас бапкерлердің жалақысы көтеріледі. Оның ішінде бадминтон да бар. Келесі жылдан бастап төрешілер алқасына ерекше көңіл бөлініп, олардың біліктілігін арттыруға назар аударылмақ. Федерация Атқарушы комитетінің жаңа құрамы Қазақстанда бадминтон спортын дамыту үшін бар күшін салады», - делінген баспасөз хабарламасында. 

 

Соңғы жаңалықтар