+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын 32-орынға дейін жақсартты

2021 жылғы 21 маусым 12:08
Бөлісіңіз:
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын 32-орынға дейін жақсартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын 32-орынға дейін жақсартты. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі 29 азық-түлік тауары бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларының аясында 59 жоба, оның ішінде 48 сүт-тауарлы ферма, 3 ет комбинаты, 8 құс фабрикасысалынып, олар 220 мың тоннадан астам өнім өндірді. Ірі қара мал 5,6 пайызға артып 7,8 млн басқа жетті. Ұсақ мал, жылқы саны көбейді», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының дерегінше, былтыр 20,1 млн тонна астық және бұршақ дәнді дақыл бастырылды.

Астық сапасы 80 пайызға жақсарды. Бұл - соңғы 5 жылдағы үздік нәтиже саналады.

«Қазақстан 2020 жылы Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде өз позициясын 113 елдің арасында 32-орынға дейін жақсартты», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT