USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстан Әзербайжанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтірді

2021 жылғы 1 қараша 10:04
Бөлісіңіз:
Қазақстан Әзербайжанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Әзербайжан арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің бірқатар өңірінде инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындар саны артты Ажар Ғиният коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады Соңғы аптада коронавируспен сырқаттану 1,5 есе өсті - Үкімет отырысы

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 21 қыркүйектегі шешіміне сәйкес Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілуде.

Атап айтқанда, 2021 жылғы 7 қарашадан бастап «Air Astana» әуе компаниясы «Embraer Е190 – Е2» әуе кемесімен Алматы-Баку бағытында ұшуды жоспарлап отыр. Рейс аптасына 2 рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Сонымен қатар, «Әзербайжан Хава Йоллары» әуе компаниясы 2021 жылғы 6 қарашадан бастап «А – 319» әуе кемесімен Алматы-Баку бағытында ұша бастайды. Рейс аптасына 1 рет – сенбі күні орындалады.

«Әзербайжанмен арадағы әуе рейстерінің санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Әзербайжанның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады», - делінген министрлік сайтында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT