Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан алғаш рет бірлескен әскери жаттығу өткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы мақсаттағы орталығында алғаш рет өткен арнайы мақсаттағы күштердің «Шекарасыз бауырластық – 1» біріккен оқу-жаттығуына Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан мемлекеттерінен жүзден астам әскери қызметші қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық әскери қызметшілер операцияны жоспарлау, арнайы барлауды ұйымдастыру, жақын ұрыстар мен қалалық жағдайдағы ұрыс қимылдарын жүргізу, ғимаратқа шабуыл жасау мен объект күзетін жою бойынша тактикалық эпизодтарды орындауға тартылды.

Сонымен бірге оқу-жаттығу шеңберінде акустикалық жүйесі бар кешенді симуляторларда әскери-медициналық дайындық сабақтары өткізілді. Ұрыс алаңында алғашқы медициналық жәрдем көрсету мен жаралыларды эвакуациялау кезіндегі іс-қимылдар пысықталды.

Оқу-жаттығу шеңберінде «Аэродинамикалық құбыр» тренажеры мен виртуалды бағдарламалық кешендерде парашютшілерді даярлау ұйымдастырылды.

Өткізілген маневрлердің негізгі мақсаты – гибридтік қауіп-қатерлер жағдайында серіктес елдердің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің арнайы операцияларды жүргізу кезіндегі тәжірибесін бөлісу.







Фото : gov.kz

Соңғы жаңалықтар