Қазақстан-Әзербайжан матчы: Футболшыларымыз 2:0 есебімен алда келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы уақытта елордадағы «Астана-арена» стадионында футболдан Қазақстан мен Әзербайжан құрамаларының ойыны өтуде. Кездесудің бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық футболшылар  қарсыластар қақпасына 2 доп соқты, есеп - 2:0, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы голды шабуылшы Роман Мұртазаев 13-минутта соқты. Араға екі минут салып Серікжан Мужиков есепті 2:0-ге еселеді.

Естеріңізге сала кетелік, бұл - болгар маманы Станимир Стоиловтың жеткішілігімен өтіп жатқан үшінші ойын. Қазақстан құрамасы бұдан бұрын сырт алаңда Венгрияны 3:2 есебімен тізе бүктіріп, Болгарияға 1:2 есебімен есе жіберіп қойған еді.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында басталатын Ұлттар лигасында біздің құрама 4 дивизионның бірінші тобында Андорра, Грузия және Латвия құрамаларымен сынға түседі. Әзербайжан да осы дивизионда ойын көрсетіп, үшінші топта Мальта, Фарер аралдары және Косовомен шеберлік байқасады.  

 

Әділжан Үмбет

Соңғы жаңалықтар