Қазақстан азаматы Ыстанбұл әуежайында өзін-өзі өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлдағы «Ататүрік» әуежайында ер адам екінші қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 19:00-де Ыстанбұлдағы Ататүрік әуежайында 37 жастағы ҚР азаматы әкімшілік ғимараттың екінші қабатынан секіріп, өз-өзіне қол салды», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ведомствода аталып өткендей, марқұм Түркия Республикасының аумағына 26 қыркүйек күні келіп, бір тәулік бойы әуежайда болған.

«Оқиға орнына келген түркиялық дәрігерлер біздің азаматымызды аман алып қала алмады. Ол алған жарақаты салдарынан көз жұмды», - деді ведомствода. 

Фото: www.magyar-logisztika.hu

Соңғы жаңалықтар