Қазақстан азаматы Қырғызстанда көлігімен өзенге құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Талас облысында Қазақстан азаматының Lexus 330 маркалы көлігі өзенге құлады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы ТЖМ-нің баспасөз қызметінен сенбі күні хабарланды, деп жазады ҚырТАГ.

Ведомствоның ақпаратынша, Талас облысындағы Бішкек-Талас-Тараз (Отмок асуы) күре жолының 52-ші шақырымында Lexus 330 маркалы көлік өзенге құлады. Көлік Қазақстан Республикасының азаматы Руслан Кәдиевтің атына тіркелген.

Құтқару қызметінің қызметкерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, оны Талас ауданындағы Талды Бұлақ ауылының ауруханасына жеткізді.

Соңғы жаңалықтар