«Қазақстан азаматы» деген ұғым жалпыұлттық бірегейліктің өзегі болуы қажет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан азаматы» деген ұғым жалпыұлттық бірегейліктің өзегі болуы қажет. Бүгін президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани үндестік – бірліктің бастауы. Төл тарихымыз, ана тіліміз бен ата дініміз – елді біріктіретін бірегей құндылықтар. Оны дау-дамайға айналдыруға болмайды. Жұртты адастырып, теріс жолға салудан сақтанған жөн. Қазақстанда түрлі этнос өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың мақсаты – бір, болашаққа деген көзқарасы – ортақ. Бәріміз – бір елдің азаматтарымыз», - деді Мемлекет басшысы халықтық коалицияның форумында.

Президент «Әралуандық арқылы – бірлікке» қағидаты ешқашан өзектілігін жоғалтпайтынын айтты.

«Біз этносаралық татулықты сақтай білуіміз керек. «Қазақстан азаматы» деген ұғым жалпыұлттық бірегейліктің өзегі болуы қажет. Сонда біртұтас ұлт ретінде келешекке сеніммен қадам басамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар