Қазақстан азаматтық белсенділік пен әйелдер құқығы мен мүмкіндігін кеңейтудің арқасында демократияны нығайтуда - The Washington Times

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – The Washington Times басылымында (АҚШ) Қазақстандағы соңғы саяси реформаларға арналған мақала жарияланды.

Мақаланың авторы - Лондон саяси зерттеулер орталығының қызметкері, АҚШ-тың Теңіз жаяу әскері корпусының 20 жылдық еңбек өтілі бар ардагері, Трамптың Ардагерлер кеңесінің тең төрағасы Джесси Джейн Дафф. Ол сайлаудағы әйелдер мен жастарға арналған квоталарды «барлық демократиялық реформаторлар мен белсенділер үшін монументалдық сейсмикалық серпінділік» деп бағалады.

Президент Трамптың өз қызметіне кіріскен кезден бастап, ол бүкіл әлем үкіметтеріне демократиялық реформалар, еркіндік идеалдарын ілгерілету, әділеттілік пен теңдік қажеттілігі туралы айтқан. Оның президенттік үгіт науқаны бөліктерінің бірі – үкіметтің шетелдердің істеріне араласа отырып жұмсаған адами және қаржы қорларының үлкен қорына сілтеп, сыртқы саяси бағдарға изоляционизм позициясы болған.

«Ұлт құру» – Буш уақытындағы мантра, мұндай араласу шетелдегі демократияның ілгерілетудің жалғыз әдісі ретінде қарастырылған, қазіргі кезде ол артта қалды.

Ол елдер мен олардың көшбасшылары өздерінің мемлекеттік органдары мен жүйелерін демократияландыру бойынша шараларды өздігінен қабылдайтын жүйені құрған. Осындай әрекеттерді ынталандыру қабілеттілігі ол үшін бірегей болып табылады, және ол бұл ынталандыруды құруға талпынып жүр.

Қазақстан – Орталық Азиядағы мемлекет, соңғы жылдары ол күрделі демократиялық реформалар жүргізген елдің тамаша үлгісі болып отыр.

Президент Трамп Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Ақ үйде 2018 жылдың қаңтарында кездескен. Саяси процестерде демократиялық реформаларды жүзеге асыру ниетін танытып отырған бірегей траекториясын есепке ала отырып, Ақ үй әкімшілігінің Қазақстанға деген қарым-қатынасы ерекше.

Биылғы жылдың тамыз айында Қазақстанда өткізілетін саяси праймериз алдында елдің билік партиясы «Nur Otan» ашық және саяси бәсекелестікті ынталандыру, саяси процесте азаматтық белсенділікті ілгерілету, сондай-ақ елдегі әйелдер мен жастар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған бірқатар бірегей демократиялық хаттаманы бекіткен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл реформаларды Парламент оппозициясы алдында қорғаған. Қазақстан тарихында алғаш рет ашық праймериз өтеді. Бұл басқарушы партияның кандидаттары мен қоғам өкілдерінің арасында тиімді өзара әрекеттестікті жеңілдетуге көмектеседі. Бұл үлгі сондай-ақ кандидаттарды шетелдік тұлғалар тарапынан қаржыландыруға тыйым салу үшін қабылданған нақты шаралардың арқасында кандидаттар арасындағы бәсекелестікті ынталандырады.

Сондай-ақ, кандидаттар арасында барлық азаматтарға көрсетілетін міндетті көпшілік жарыссөздер жүргізіледі. Бұл оларға дауыс беру кезінде дәйекті шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Пікірталас сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Қазақстанда құрып, енгізіп жүрген жүйенің демократиялық сипатын қолдауға көмектеседі.

Партияның бастапқы іріктеу процесі үшін іске қосқан квоталар жүйесі – Қазақстанның бастан кешіп отырған демократиялық реформалар мен даму көлемін танытып отыр. Бастапқы процесте кандидаттардың кем дегенде 30 пайызы әйел, сондай-ақ 20 пайызы – жастар болуы тиіс. Бұл екі квотаны қалыптастыруды ынталандырудың қос сипаты бар.

Біріншіден, әйелдік квота – әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңею, олардың саяси және азаматтық процеске қатысуына септігін тигізеді. Жастарға келер болсақ, бұл оларды сайлау және демократиялық процеске араласуға итермелейді. Праймериз жас ұрпаққа басқарушы партияның жетекшілік қызметтеріне сайлануға және үкіметтік шешімдерге қатысуға мүмкіндігі бар кандидаттарды таңдауға жол ашады.

«Nur Otan» партиясының бастамасымен құрылған бұл реформалар Қазақстанда қалыптастырылып отырған жаңа саяси мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Бұл – ел мүддесін қорғап отырған бәсекелестікке түскен саяси философия мен көзқарастарды танытатын партия. Бұл дамытылып отырған демократиялық мәдениет келіссөздер мен пікірлер мүмкіндігін, және көпшіліктегі азаматтық белсенділікке жәрдемдесуді танытып отыр.

Квоталардың осындай тәжірибесі Батыс Еуропаның Бельгия, Франция және Германия сияқты дамыған елдерінде бар болғанымен, бұл Қазақстан секілді даму жолындағы орталық-азиялық ел үшін теңдесі жоқ фактор болып табылады. Бұл – демократиялық реформашылар мен белсенділер үшін күрделі әрі сейсмикалық ілгерілеу.

Америка азаматшасы ретінде, басқа халықтардың да одақтастарымыз сияқты біздің бағалы демократиялық моделіміз бен сайлау процесіне еліктеуге тырысып отырғанын көру мені жақсы сезімде қалдырады.

Саяси жүйесінде ұзақмерзімді әрі тиімді демократиялық реформаларды ілгерілету бастамасын өзіне жүктеген Қазақстан сияқты елдердің болашағы зор болып көрінеді. Бізге осындай күш салуға назар аудартып, ол қажет жерде мойындалуына назар аударту жауапкершілігі жүктелген. Атап айтқанда, Қазақстан мен «Nur Otan» партиясы үлкен құрметке лайықты.

Джесси Джейн Дафф,

АҚШ теңіздегі жаяу әскер корпусының 20 жылдық еңбек өтілі бар ардагері, Лондондағы саяси зерттеулер орталығының қызметкері және Трамп Ардагерлер кеңесінің тең төрағасы.


Соңғы жаңалықтар