Қазақстан азаматтығын алуға 68 ресейліктен өтініш түскен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға ағылып жатқан ресейліктердің ішінде неше адамның Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бергенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саны өте кішкентай. Қазақстан азаматтығын алуға бар-жоғы 68 өтініш қана түскен. Азаматтық алудың белгілі бір прцедуралары бар. Олар соның бәрінен өтуі керек», - деді министр Үкімет кулуарында.

Сондай-ақ ол елге ағылып жатқан ресейліктердің арасныда деструктивті топтар болмауын қадағалау жолға қойылғанын айтты.

«Бәрі бақылауда. Ондай жайттар анықталса, әрине, тиісті шаралар қабылданады», - деді Марат Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар