+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстан азаматтығын алмаған қандастарға да 42 500 теңге беріледі

2020 жылғы 15 шілде 12:57
Бөлісіңіз:
Қазақстан азаматтығын алмаған қандастарға да 42 500 теңге беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтығын алмаған, алайда оралман мәртебесі бар қандастарға 42 500 теңге беріледі. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биылғы оқу жылы студенттер үшін қалай басталады 2,1 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге біржолғы төлемін алды Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы турасында: Тиісті құжаттарды дайындадық

«Тұрақты тіркеуде тұрып оралман мәртебесі бар қазақтар құқықтары жағынан тұрғылықты азаматтармен тең. Оларға ешқандай кедергі жоқ және Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі. Егер жұмыс істеп жүріп, табысынан шектеулер салдарынан айырылған болса, ол 42 500 теңге алады», - деп жазды Сырымбек Төлеуұлы.

Еске сала кетсек кешегі Үкімет отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырған еді.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында министр шілде айына берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қандай порталдар жұмыс істейтіндігін айтып берді.

Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған санаттағы азаматтардың 42 500 теңгелік төлемді ала алатынын растады.

«Министр бұл сұраққа Facebook бетінде жауап берген. Дұрыс. Қазақстан азаматы болсын, қандас болсын алады. Бастысы ол бұған дейін ресми түрде жұмыс істеп, табысының жоғалтқаны расталуы тиіс», - деді министрліктің баспасөз хатшысы Алексендр Кононец.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT