Қазақстан азаматтарының назарына 26 желтоқсанда сайлаушылардың тізімі ұсынылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтарының назарына 26 желтоқсанда сайлаушылардың тізімі ұсынылады.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы мәліметті тексере алады. Азаматтар сонымен қатар ол тізімге мүлде енгізілмей қалу немесе дұрыс енгізілмей қалу, шығып қалу жағдайларына қатысты шағым білдіре алады. 26 желтоқсаннан бастап сайлауға 20 күн қалғанда тұрғылықты жер бойынша әзірленген сайлаушылардың тізімі танысу үшін сайлаушылардың назарына ұсынылады», - деді Константин Петров Орталық сайлау комиссиясының онлайн режимінде өтіп жатқан отырысында.

Азаматтар учаскелік сайлау комиссиялары отыратын нысанда ол тізімді тексеріп, өзі туралы мәліметтердің дұрыс енгізілгенін немесе енгізілмегенін тексере алады.

«Учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін аумақтық сайлау комиссиялары бекітеді. Сайлаушылардың тізіміне өзгерістер енгізу туралы шағымды түскен күннен бастап тиісті сайлау комиссиялары қарайды. Егер ол шағымды қараудан бас тартса, сайлау комиссиясы оның себебін түсіндіруі керек. Азаматтардың бұл шешімге қатысты шағымды қайта сотқа жолдауына мүмкіндік бар», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар