Қазақстан азаматтарына ЕО визалық режимін жеңілдету мәселесі қаралуда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық Одаққа Қазақстан азаматтарымын емін-еркін бару үшін Еуропалық комиссиямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мен Мажарстан іс-қимыл жасап, күш-жігерін жұмылдыратын өзара мүдделі халықаралық сипаттағы бірқатар мәселелер, оның ішінде Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық Одақтың визалық режимін жеңілдетуге қатысты мәселелер қаралды», - деді Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийартомен келіссөздерден кейін.

«Еуропалық Одаққа біздің азаматтарымын емін-еркін бару үшін біз Еуропалық комиссиямен қазір келіссөздерді өткізіп жатырмыз. Біріншіден, бұл процесс біртіндеп енгізіледі. Ең алдымен, қазіргі уақыттағы біздің талабымыз – еліміз азаматтарына төлқұжаттарға қатысты жеңілдету. Бүгінгі келіссөздер барысында Петер Сийартомен бұл тақырыпты талқыладық. Мажарстан тарапы бұл келіссөздер бойынша өз көмегін жасамақ», - деді ҚР Сырты істер министрі тілшілер сауалына жаупа бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі келессіөздерден кейін тараптар екі ел арасындағы бірнеше құжатқа қол қойды.

Айта кетейік, Орталық Азия өңірінде мажар компанияларының мүмкіндіктері кеңейтілмек.


Соңғы жаңалықтар