Қазақстан азаматтарын жұмыстан босату деректері міндетті түрде тексеріледі - Тамара Дүйсенова

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтуға басымдық беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шартқа сәйкес еліміздің азаматтары ЕАЭО құрамындағы мемлекеттерде рұқсатсыз жұмыс істей алады. Сол сияқты бұл елдердің азаматтары бізге де жұмысқа келе алады. Егер келген азаматтар біздің еңбек саласындағы қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін болса, онда тиісті салаларға келетін адамдарға шектеу қоя аламыз», - деді Т. Дүйсенова Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының жұмыспен қамтылуына басымдық берілетінін айтты.

Сонымен қатар министр еліміздегі кәсіпорындар шетелдіктерді жұмысқа орналастыру үшін Қазақстан азаматтарын жұмыстан босатса, онда мұндай деректер міндетті түрде тексерілетінін жеткізді.

«Мұндай нақты деректер болса, онда еңбек инспекторларын тексеруге жібереміз», - деді ведомство басшысы.

Бұл тұрғыда еңбек заңнамасына қайшы әрекеттер анықталса, онда министрліктің байланыс желілері арқылы шағымдануға болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізге ағылған көрші елдердің азаматтары қай салаларда жұмыс істей алатындығын айтты.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама аясында ғана еңбек ете алатынын мәлім етті .






Фото: ortcom.kz

Соңғы жаңалықтар