Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жасалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда ресми сапармен жүр.

Бүгін Президент Вьетнам басшысымен келіссөздер жүргізді, және оны елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Осы жолғы сапар аясында Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды.

Құжаттардың арасында Қазақстан мен Вьетнам Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бар.


Соңғы жаңалықтар