Қазақстан азаматтары референдумда Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Ресейдегі Бас консулдықтары жанынан дауыс беру учаскелері ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат referendum2022.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары іргелес елдің 5 қаласында – Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыда дауыс беру мүмкіндіне ие болады.

Дауыс берушілер тізіміне қосылу үшін белгіленген үлгідегі құжатты толтыру керек. Сондай-ақ, дауыс беру учаскесіне барғанда төлқұжат немесе жеке басын растайтын куәлік болуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар