Қазақстан азаматтары Қырғызстанда үй тонаған

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары Қырғызстанның Шу облысындағы үйді тонап, 847 мың 600 сомның техникасын алып кеткен, деп хабарлайды knews.kg .

Шу облыстық БІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні Соқұлық ауданындағы ішкі істер органдарына 30 жастағы Д.А. есімді Гавриловка ауылының тұрғынынан шағым түскен.

Хабарламада «18 сәуір күні беймәлім біреулер үйге кіріп, 10 мың сом тұратын НТС маркалы ұялы телефон, 800 доллар ACER ноутбугын, 8 мың сом тұратын алтын бұйымдарды және 10 мың долларды жымқырып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Шығынның жалпы сомасы 847 мың 600 сомды құрайды. Жақында полиция қызметкерлері күдікті деп танылған Қазақстан және Қырғызстан азаматтарын ұстады. Олар: 25 жасар А.А.есімді Қазақстан азаматы, бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған, 22 жасар Ч.П. есімді Қазақстан азаматы және 21 жастағы И.Э., Ыстықкөл облысының тұрғыны. Ұсталғандардың Соқұлық ауданындағы осыған ұқсас төрт қылмысқа қатысы бары анықталды. Тексеру жұмыстары жалғасады» делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар