+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қазақстан азаматтары қай елдерге визасыз бара алады

2019 жылғы 13 маусым 11:07
Бөлісіңіз:
Қазақстан азаматтары қай елдерге визасыз бара алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан өз азаматтарына әлемнің 24 еліне визасыз қыдыру мүмкіндігін ұсынып отыр. ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасай отырып, аталмыш елдердің тізімін оқырман назарына ұсынады.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда 19 мемлекетпен ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы екіжақты келісімдерге қол қойылған. Олар: Аргентина, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Бразилия, Гонконг АӘА, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркия, Украина және Эквадор.

Сондай-ақ, қазақстандық азаматтар үшін біржақты тәртіп негізінде 5 мемлекетпен визасыз режім енгізілген.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, алғашқы тізімдегі елдердің азаматтары да Қазақстан аумағына турист ретінде визасыз кіре алады.

«Ал Индонезия, Колумбия, Коста-Рика, Малайзия және Филиппин елдерінде біздің елдің азаматтары визасыз қыдыра алғанымен, аталмыш елдердің тұрғындары бізге виза арқылы ғана кіреді», - дейді СІМ өкілі.

Ресми органның хабарлауынша, министрліктің туристік сапармен шығуға тыйым салынған немесе қауіп бар шет елдердің арнайы тізімі жоқ.

«Шет мемлекетте ішкі саяси жағдай шиеленісіп жатса немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде қазақстандық азаматтарға министрлік аталған мемлекеттерге шығудан бас тарту туралы ұсынымдарды дер кезінде жариялап отырады», - делінген ресми ақпаратта.

Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарына шет елдерге шығар алдында баратын ел мен оның саяси жағдайы туралы қосымша біліп алуға кеңес береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Туризм, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT