Қазақстан азаматтары интернет-алаяқтық кесірінен 7 млрд теңгесінен айрылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елімізде 12 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері елімізде 12 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелді. Қылмыскерлердің кесірінен 7 млрд теңге шығын келтірілді. 571 интернет-алаяқ ұсталып, 17 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Интернет-алаяқтықтың ең көп тіркелуі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында байқалады», - деді ІІМ өкілі ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін ескертулер сипатындағы SMS-тер жіберуді бастады.

«SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы 4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын. Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына, тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат жеткізуге, жедел хабардар етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Kcell қолданушыларына ескертпе SMS-тер жіберілді. Тарату жүйесінің шектеулеріне байланысты SMS мәтіндеріндегі таңбалар саны шектеулі. Сондықтан, хабарлама мәтіні қысқартылған. Ішкі істер министрлігі барша азаматтарды сақ болуға шақырады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар