Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 13 °С
Алматы: 35 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз сапарлай алады

2017 жылғы 23 мамыр 18:37 3281
Бөлісіңіз:
Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз сапарлай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі шейx Абдулла Заид Әл Наxаян 2013 жылғы 13 мамырдағы ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспортқа ие қызметкерлерге және келуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы xаттамаға қол қойды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бұл келісім нәтижесінде қазақстандық азаматтарға Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баруға жол ашылды. Енді Әмірліктерде отандастарымыз 30 күн бойы визасыз еркін жүре алады. Бұл келісім екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынастар жаңа серпін береді", - деді Қ. Әбдіраxманов xаттамаға қол қою рәсімінде.


Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз сапарлай алады

Министр атқарылған жұмыстар үшін өзінің әріптесіне үлкен алғысын білдірді. Өз кезегінде шейx Абдулла көрсетілген жылы қабылдау үшін Қазақстанға ризашылығын жеткізді. 

"Мен үшін Қазақстан Президенті, Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевпен бүгінгі кездесу үлкен абырой болды. Әңгіме барысында Президентке Жоғары мәртебелі шейx Халифаның сәлемін жеткіздім. Біздің Қазақстанмен арадағы байланысымыз ширек ғасырдан асады. Осы аралықта өзара қарым-қатынасқа екі ел де үлкен үлес қосты. Ол болмағанда бүгінгі осынау ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне жете алмас едік. Визалық режимді алып тастау келісімі - сауда айналымның ілгерлеуіне оң ықпал етіп, инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын болады. Сонымен қатар бұл мемлекетіміздің туристік ағынын ұлғайтады. 2016 жылы БАӘ-не 99 мыңнан астам қазақстандық барған. Бұл көрсеткіш екі есеге артады деп болжаймыз", - деді шейx Абдулла Заид Әл Наxаян.


Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз сапарлай алады

 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат