+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Қазақстан әйелдері гинекологиялық обыр дертіне жиі шалдығуда

2019 жылғы 19 қыркүйек 19:06
Бөлісіңіз:
Қазақстан әйелдері гинекологиялық обыр дертіне жиі шалдығуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойыны обырына шалдығудың 1800-ден астам фактісі, жатыр қатерлі ісігінің 1100-ден астам жағдайы және аналық без қатерлі ісігінің 1120 фактісі анықталады. Бұл жөнінде Алматыдағы баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрайымы, м.ғ.д. Диляра Қайдарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық министрлігі обырды ерте анықтайтын жобаны іске қосты

Жыл сайын жатыр мойыны обырынан - 600-ге жуық, жатыр қатерлі ісігінен - 230, аналық бездің қатерлі ісігінен - 450-ге жуық әйел көз жұмады. Оның басым көпшілігі - бала көтеруге қабілетті жастағы келіншектер.

«Қазіргі таңда Қазақстанда жатыр денесіндегі патологияны ертерек анықтауға арналған тегін онкоскрининг өткізіледі. Яғни 30 жастан асқан әр әйел жыл сайын онкоцитологияға жағынды тапсыруы керек (пап-тест). Бұл кез келген емханада тегін жасалады. Сондай-ақ, профилактика жүргізу мақсатында гинекологқа қаралуға болады. Тұрақты түрде тексеріліп отыру керек», - дейді Диляра Қайдарова.

Сондай-ақ, емханаларда кольпоскопия жүргізіледі. Яғни патологияны анықтау үшін жатыр мойыны арнайы құрылғымен тексеріледі. Бұның барлығы Қазақстан әйелдері үшін - тегін.

21 қыркүйек, сенбі күні Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, сондай-ақ, өңірлік онкодиспансерлердің барлығында Ашық есіктер күні өткізіледі. Кез келген әйел адам келіп, онкологтардан кеңес алып, онкоцитологияға жағынды тапсыра алады.

Жатыр мойыны обырына шалдығу деңгейі Қостанай (100 мың адамға – 16,2), Ақтөбе (14,7), Батыс Қазақстан (14,4) облыстарында жоғары. Ал Шымкент, Түркістан, Жамбыл облыстарында дертке шалдығу деңгейі төмен.

Жатыр денесінің қатерлі ісігіне шалдығу жағдайлары Қарағанды (10,9), Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында (100 мың адамға – 9,9) жиі кездеседі. Ал дертке шалдығу деңгейі төмен өңірлердің қатарында Жамбыл және Атырау облысытары (100 адамға – 3,9) тұр.


Автор: Еламан Тұрысбеков


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT