+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Қазақстан авторлық тур бойынша – ТМД елдерінің үздік үштігінде

2020 жылғы 22 қаңтар 12:29
Бөлісіңіз:
Қазақстан авторлық тур бойынша – ТМД елдерінің үздік үштігінде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТурСтат туристік порталы авторлық тур бойынша ТМД елдерінің сұранысқа ие мемлекеттерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы Алматы қаласы мен Алматы облысы, Бурабай мен Ақтау, Беларусьтегі Минск, Минск облысы мен Витебск, Әзербайжандағы Баку, Шеки мен Габала, Армениядағы Ереван мен Севан, Өзбекстандағы Бұқара мен Самарқан авторлық тур бойынша сұранысқа ие бағыттар болынп саналады», - деп хабарлайды ТурСтаттан.

Қазіргі таңда авторлық тур – туризмнің танымал болып келе жатқан түрі. Әсіресе, трэвел-блогерлерді авторлық турлар мен экскурсиялар ерекше қызықтыратын көрінеді. Жалпы, авторлық тур дегеніміз – 5-15 адамнан тұратын топтың трэвел-сарапшылармен бірге турға шығуы.

«Сұранысқа ие турлардың қатарына – гастрономиялық, экскурсиялық, треккинг-турлар, экспедициялар, джип және фото-турлар жатады. Бір апталық авторлық тур үшін туристер 1-1,5 мың долларға дейін ақша жұмсауға дайын», - делінген келтірілген мәліметте.

ТурСтат аталмыш рейтингті авторлық турлар мен демалысқа қатысты ұсыныстарды талдай отырып жасаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ТМД, Туризм, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT