+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Қазақстан автоөндірісінің рекорды: Жыл басынан бері елде 45,2 мың көлік шығарылған

2019 жылғы 18 желтоқсан 13:28
Бөлісіңіз:
Қазақстан автоөндірісінің рекорды: Жыл басынан бері елде 45,2 мың көлік шығарылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, биыл елде былтырғыдан қарағанда 54,7 пайыз артық көлік шығарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«2019 жылдың қарашасында ел аумағында барлық типтегі 6 255 автокөлік шығарылды. Жалпы, үстіміздегі жылдың он бір айында Қазақстанда жалпы 45 208 көлік құрастырылды. Өндіріс көлемі 2018 жылдың қаңтар-қараша айларындағы нәтижелерден 54,7 пайызға артық. Бұл қазақстандық автокөлік өнеркәсібі тарихындағы ең жоғары көрсеткіш (алдыңғы рекорд 2013 жылы 40 963 болған)», - деп хабарлайды қауымдастықтан.

Жыл басынан бергі 11 айда Қазақстанда 39 589 жеңіл автокөлік (+ 45,2%), 3 731 жүк көлігі (+ 283%), 966 автобус (+ 200%), 788 тіркеме/жартылай тіркеме (+ 65,2%) және 134 дана өзге көлік түрлері құрастырылған. Жыл қорытындысы бойынша Қостанай «СарыарқаАвтоӨндіріс» компаниясы көшбасшы орынға ие. Мұнда 22 875 дана көлік шығарылған. Оның 2 137-і экспортталған.

Қазіргі мәлімет бойынша, Өскемендегі «Азия Авто» кәсіпорнында 18 222 автокөлік (+ 8,6%) жиналған. СемАЗ - Семей коммерциялық көлік зауыты өндірісті биыл бес есе арттырып, 1 668 бірлікке жеткізіп отыр. Көкшетаудағы «КАМАЗ Инжиниринг» 880 жүк көлігі мен арнайы техниканы шығарды. Daewoo Bus және Hyundai Trans Auto әрқайсысы сәйкесінше 345 және 340 көлік шығарған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Өнеркәсіп, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT