Қазақстан авиадиспетчерлері футболдан әлем чемпионы атанды

None
ТЕНЕРИФЕ. ҚазАқпарат - 7-11 қараша аралығында Испанияның Тенерифе аралында авиадиспетчерлер арасында футболдан әлем чемпионаты өтті. Оған 16 мемлекет қатысты. Қазақстан атынан «Қазақстан» және «Астана» аэронавигациялық қызметтері қызметкерлерінің екі командасы бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнир барысында біздің командалар Венгрия, Америка Құрама Штаттары, Кипр, Испания, Италия әуе диспетчерлерінің құрама командаларымен футбол матчын өткізді.

Тартысты өткен ойында қазақстандықтар жеңіске жетіп, финалға шықты.

Нәтижесінде «Қазақстан» Қазаэронавигация РМК командасы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Ал «Астана» Казаронавигация РМК командасы - екінші орын, үшінші орынды Испанияның «Интернешнл» құрама командасы иеленді.


Фото: t.me/caa_kaz

Соңғы жаңалықтар