Қазақстан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын 13-орында аяқтады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қазақстанның әйелдер құрамасы жарысты үшінші орында, ерлер жетінші орында аяқтады. Ал ұлттық құрамалардың жалпы есебінде Қазақстан 13-ші орынды місе тұтты.  

Әлем чемпионатында бірінші орынды Қытай иеленді. 7 алтын, 8 күміс, 4 қола медальмен Қытай құрамасы өз қарсыластарынан едәуір озып кетті. Екінші орынға 3 «алтын», 3 «қоламен» Таиланд құрамасы тұрақтаса, үшінші орынды 2 алтын, 1 қола медальмен Иран түйіндеді.

Қазақстан қоржынына барлығы екі медаль түсті - бір күміс, бір қола. Күміс жүлдені 55 келіге дейінгі салмақтағы зілтемірші Арли Чонтей алып келді.

Қола медальды 71 келіге дейінгі салмақта Надежда Лихачева алды. 

Ал қалған спортшылар төмендегідей орындардан көрінді:

Ерлер

67 келіге дейінгі салмақта Фархад Харки, 9-орын

73 келіге дейінгі салмақта Нижат Рахимов, 8-орын

81 келіге дейінгі салмақта Айдар Қазов, 19-орын

89 келіге дейінгі салмақта Денис Уланов, 14-орын

96 келіге дейінгі салмақта Рүстем Сыбай, 11-орын

102 келіге дейінгі салмақта Александр Зайчиков, 9-орын

109 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Берсанов, 14-орын

109 келіден жоғары Елдос Сайлау, 15-орын.

 

Әйелдер

55 келіге дейінгі салмақта Зүлфия Чиншанло, 5-орын

59 келіге дейінгі салмақта Сәуле Сәдуақасова, 11-орын

64 келіге дейінгі салмақта Әсем Садықова, 7-орын

64 келіге дейінгі салмақта Карина Горичева, 8-орын

71 келіге дейінгі салмақта Екатерина Столяренко, 10-орын

76 келіге дейінгі салмақта Екатерина Быкова, 12-орын

81 келіге дейінгі салмақта Раушан Мешітханова, 9-орын

87 келіден жоғары Александра Аборнева, 17-орын және Айзада Мүптілдә, 19-орын


Айта кетейік, 2018 жылғы Әлем чемпионатында ел намысын барлығы 20 спортшы (ерлер - 10, әйелдер - 10) қорғауы тиіс болатын.  

Бірақ кейін, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жарақатына байланысты бұл жарысқа қатыса алмайтынын мәлім етті.

Ашхабадтағы байрақты дода 1-10 қараша күндері аралығында өтті. Оған әлемнің 100 мемлекетінен 800-ге жуық ауыр атлет қатысты. 

Соңғы жаңалықтар