Қазақстан ауыр атлетика тарихын жазып жатыр - Тамаш Аян

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан әлемдік спорт аренасында үздік нәтиже көрсетіп, ауыр атлетика тарихын жазып жатыр. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында Халықаралық ауыр атлетика Федерациясының президенті Тамаш Аян айтты.

«Қазақстан ауыр атлетиканың тарихын жазып жатыр. Соңғы үш күнде біз атқару комитетімен кездесіп, халықаралық ауыр атлетика федерациясының логотипін өзгерті туралы шешімге келдік. Қазақстанда ең алғаш ауыр атлетикаға арналған фильм көрсетілді. Туындыны кәсіби шеберлер жастарды спортқа тарту мақсатымен түсірген.

Қазақстанның билігі аталған спорт түрінен дайындық залдарын салып, ауыр атлетика академиясын ашуды жоспарлап отыр», - деді Тамаш Аян.

Федерация басшысы Қазақстан спортшыларының әлемдік спорт аренасында үздік нәтиже көрсетіп жатқанын атап өтті.

«Қазақстанда мен өзімді өз үйімде жүргендей сезінемін. Мұнда ауыр атлетикаға үлкен мән беріледі. Лондон Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен 4 алтын медаль елдің ауыр атлетиканы дамытуға бар күшін салатынынан хабардар етеді», - деді Т.Аян.

Соңғы жаңалықтар