+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қазақстан ауылдарының жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет

2019 жылғы 6 қараша 10:14
Бөлісіңіз:
Қазақстан ауылдарының жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ауылдарының жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Викторовка ауылының тұрғындары Сапарбаевтан ауыз су мәселесін шешуді сұрады - Ақмола облысы Асқар Мамин Ыстанбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады Денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің сапасын арттыру: Үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысына барып қайтты

«Қазіргі уақытта 6 444 ауылда 7.7 млн адам тұрады. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде бірқатар шешілмеген мәселе бар. Ауылдардың жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет. Инженерлік желілер тозуының жоғары деңгейі байқалады. Көптеген ауылдарда, білім беру және денсаулық сақтау объектілері жөндеуді қажет етеді», - деді ол.

Вице-премьер осыған байланысты ауылды дамыту үшін кешенді тәсіл қолдануды ұсынады.

«Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл – ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады. Сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек» және басқа да қолданыстағы бағдарлама аясында кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады«, - деп атап өтті Р.Скляр.

Р.Склярдың айтуынша, қазіргі уақытта даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеп алынды. Оның ішінде – 1 150 тіректі және шекара маңындағы 2 327 ауыл. Аталған ауылдарда 6,6 млн адам немесе ауыл халқының 85 пайыз тұрады. Оларды дамыту басымды түрде жүргізіледі.

»Халық саны өсуінің, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының жалпы қосылған құнның, халықтың жұмыспен қамтылуының жыл сайынғы өсу динамикасы бар осындай ауылдар ірі елді мекендерге жақын орналасқан«, - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT