Қазақстан ауыл шаруашылығын дамытуға екпін қойып отыр - Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Астана экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда құрылған инфрақұрылым лайықты нәтиже беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елдің жалпы халықаралық резервтері 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті, 18 миллион халқы бар мемлекет үшін бұл қомақты қаржы. Бұл өз кезегінде біздің ІЖӨ-нің 40 пайызынан астам. Сондықтан индустриалдық бағдарламаны іске асыруды қолға алып, қайта өңдеу өнеркәсібін құруды бастадық. Осы өңдеу өнеркәсібі жыл сайын 20 пайыз қарқынмен өседі. Біз 6 жыл ішінде 1 300 жаңа кәсіпорынды құрдық», - деді Н. Назарбаев форум барысында.

Сонымен қатар Елбасы елдің дамуына сапалы жолдардың маңызы зор екенін, осы орайда Қазақстанда транзиттік мүмкіндіктерді құруға назар аударылғанын атап өтті.

«Біз 30 млрд доллар жұмсап, Қазақстан бойынша автомобиль жолдарының желісін салдық. Енді ішкі жергілікті жолдардың құрылысына екпін қойып отырмыз», - деді Тұңғыш Президент.

Мұнымен қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ауқымды егістіктер әлем елдерін органикалық өнімдермен қамтамасыз етуге қауқарлы екенін жеткізді.

«Ауыл шаруашылығына капитал салу өте жемісті нәтиже береді. Сондықтан бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар