Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасын импорттаудан еліміздегі өндірістерді құруға көшуі тиіс- Елбасы

None
None
 АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасын импорттаудан еліміздегі өндірістерді құруға көшуі керек.  Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығында лизингтік қаржыны пайдалану мәселесі күрделі талдауды талап етеді. Себебі, бұл қаржы қазіргі кезде негізінен техниканы импорттауға шығындалуда.

Елбасы негізгі екпінді технологияларды игеруге және  елімізде өндірістерді құруға бағыттау қажет екенін айта келе, бұл өз кезегінде техниканы жинақтаумен қатар, жеке өндірістерді құруға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ бұл өндіріс еліміз үшін тиімдірек болатынын жеткізді. 

«Субсидиялау жүйесінің тиімділігін арттыру  қажет. Ол базалық, сонымен қатар мақсатты болуы керек. Атап айтқанда, мақсатты субсидиялар жаңа технологияларды енгізіп отырғандарға ұсынылуы тиіс. Мемлекет экономиканың осы секторын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырады», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар