+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Қазақстан аумағында жалған еуро өткізумен айналысқан ресейлік сотталды

2020 жылғы 3 маусым 17:12
Бөлісіңіз:
Қазақстан аумағында жалған еуро өткізумен айналысқан ресейлік сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында жалған еуро өткізумен айналысқан Ресей азаматы 5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
2021 жылдың 1 шілдесінен Әкімшілік әділет кодексі қолданысқа енгізіледі Елімізде күніне 4,5 мың онлайн процесс өтіп жатыр - Жоғарғы сот төрағасы Сот процестердің 95 пайызы қашықтан өтіп жатыр – Жақып Асанов

Мамыр айында Қазақстан аумағында номиналы 500 еуролық жалған купюраны өткізуді жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ құрамына енген тұлғаларға қатысты айыптау үкімі шықты.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері жалған ақша жеткізу каналының жолын кесті.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында айналымнан 500 еуро номиналындағы 151 жалған купюра алынды.

«Петропавл қалалық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 264-бабы 2-бөлімі, 231-бабы 3-бөлімі, 190-бабы 4-бөлімі, 392-бабы 1-бөлімі, 218-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыс жасауға тікелей қатысқан Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарылып, оған мүлкiн тәркiленумен, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, қылмыс жасауда серіктес болған тұлғаларға 5 жылға пробация бақылауын белгілеумен шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT