Қазақстан аумағында «үнді» штамы тіркелмеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында коронавирустың «үнді» штамы тіркелген жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жаңа мутацияларды анықтау мақсатында республика аумағында таралып жатқан коронавирустың штамдарына генетикалық зерттеулерді тұрақты негізде жүргізіп отырамыз. Мәселен, осы жылдың сәуір айында анықталған үлгілерді зерттеудің қорытындысында «британдық» штамның айналымда жүруі үлгілердің 30 пайызында анықталды. Ал республика аумағында «үнді» штамының айналымда болуы анықталған жоқ», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.


Соңғы жаңалықтар