Қазақстан аумағында сумен қамту деңгейі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде ауыл тұрғындарының 92 пайызы сумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір елімізде сумен жабдықтау қызметтеріне азаматтардың 94,1 пайызы, оның ішінде қалаларда - 97,5%, ауылдарда - 90,1% қол жеткізген. Биыл жыл қорытындысында тағы 200 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Бұл дегеніміз - 17,86 млн адам немесе республика халқының 95%. Атап айтқанда қалаларда - 98%, ауылдарда – 91,8%», - делінген министрлік мәліметінде.

2025 жылға қарай тұрғындарды 100% сумен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға әрі жаңғыртуға 586 млрд теңге бөлінеді.


Соңғы жаңалықтар