Қазақстан аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кешенді жоспары әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспарды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігі «2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кешенді жоспарын әзірледі», - деді министр.

Оның атап өтуінше, кешенді жоспарға өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттамалар әзірлеу және қабылдау іс-шаралары кіріп отыр. Сонымен қатар құжатта тұрғын үй қорын жобалау мен салудың барлық кезеңінде өрт қауіпсіздігін бақылауды енгізу мәселелері де көзделген. Ақпараттық түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жетілдіру де қамтылған.

«Бұған қоса, газ-техникалық қызметті дамыту, газды баллонда сату мәселелерін заңнамамен реттеу де қосылды. Кешенді жоспардың бұл жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және барлық өңір әкімдіктерімен келісілген. Дегенмен, мемлекеттік жоспарлау құжаттарына талаптардың өзгеруіне байланысты аталған кешенді жоспар Жол картасы форматында қайта әзірленді және қайтадан келісу процедурасынан өтіп жатыр», - деді Юрий Ильин.


Соңғы жаңалықтар