Қазақстан аумағында 5.1 магнитудасымен жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 14 мамыр күні 7 сағат 25 минут 38 секундта жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 637 шақырым қашықтықта - Шығыс Қазақстан облысында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.0. MPV тербелісі - 5.1. Ошағының бағыты 47.77° с.е. 81.84° ш.б. Тереңдігі - 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 377 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында 4.0 магнитудасымен жер сілкінгені хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар