Қазақстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі 4 шілде күні 13 сағат 51 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 574 шақырым жердегі Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7. Mагнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 10км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», - делінген хабарламада.



Фото: www.semana.com


Соңғы жаңалықтар