Қазақстан аумағында 4,5 балдық жер сілкінісі болды
2022 жылғы 12 мамыр 14:43

Қазақстан аумағында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 мамыр күні Алматы уақытымен 13 сағат 28 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 199 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9, магнитудасы – 4,5.

Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT