Қазақстан аумағында 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

None
Photo: ekonomigundemi.com.tr
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуі 4 қазан күні Алматы уақытымен сағат 12 сағат 31 минутта болған.

«Зілзала ошағы Алматыдан сотүстік-шығысқа қарай 587 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы – 4.4. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет жоқ»,-делінген кезекші оператордың хабарламасында.


Фото: ekonomigundemi.com.tr




Соңғы жаңалықтар