Қазақстан аумағында 34 сауда орталығы бажсыз сауда дүкендері тізіліміне енді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 34 сауда нүктесі бажсыз сауда дүкендері тізіліміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

«2022 жылғы 28 қарашадан бастап «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады», - деп жазды ведомстводан.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) порталдың негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.

Пайдаланушыларды қолдану қызметі [email protected].

Өтініш нысанын толтыруға байланысты сұрақтар бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкері Тұрлыбеков Олжас Мұхтарбекұлына, байланыс деректері 8 (7172) 7182-82, [email protected]. арқылы хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар