Қазақстан аумағында 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалқ станциялар желісі бүгін сағат 12.36-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 112 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8,0. MPV магнитудасы – 3,9. Тереңдігі – 10 км.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ.


Фото: www.aa.com.tr

Соңғы жаңалықтар