Қазақстан аумағынан адамдарды шығарып жіберу тәртібі реттелмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан шегінен тыс жерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі мәліметінше, соңғы екі жыл мен биылғы сегіз айда Қазақстан заңнамасы талаптарын орындамағаны үшін ел аумағынан 25,5 мың шетелдік шығарылды. Оның ішінде екі мыңға жуығы сот актісін орындамаған. Олардың арасында әкімшілік әрі қылмыстық құқықбұзушылық жасағандар бар. Миннистрлік аөқпаратына қарағанда, аталған мерзімде Қазақстанған келетін шетелдіктер тарапынан (жыл сайын ел аумағына 6 миллионға жуық келеді) 220 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық пен 4 мыңға жуық қылмыс жасалды», - деді Мәжіліс депутаты Василий Олейник заң жобасы бойынша баяндамасында.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде 1,3 мыңнан астам шетелдік бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр және пробациялық бақылауда.

Заң жобасын қабылдау мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

1) адам құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарды енгізу;

2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің адамдарды (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін қосымша заңнамалық реттеу туралы ұсыныстарын орындау, оларды ұстап алу және кейіннен ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне орналастыру тәртібін регламенттеу.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру азаматтардың, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың бостандығына және жеке басына қолсұғылмаушылығына құқықтарды қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етеді.


Соңғы жаңалықтар