+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстан аумағынан 2,5 мың заңсыз мигрант өз еріктерімен шықты

2021 жылғы 14 маусым 13:02
Бөлісіңіз:
Қазақстан аумағынан 2,5 мың заңсыз мигрант өз еріктерімен шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Қазақстан аумағынан 2,5 мың заңсыз мигрант өз еріктерімен шықты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
CҚО-да полицейлер екі ай бойы қашып жүрген қарақшыны ұстады Мигранттар мен босқындар мәселесі Еңбек министрлігінің құзыретіне беріледі Алматы тұрғыны 13 жасар өгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

«Ішкі істер министрлігі пандемия басталған сәттен дағдарысқа қарсы тұрақтандыру, оның ішінде мигранттардың құқықтарын қорғау іс-шараларын жүргізді. Қазақстанда болуға рұқсат құжаттарының мерзімі өткен шетелдіктердің құқықтық мәртебесін анықтау немесе оларды үшінші ел арқылы елден шығуларын ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастырды. ІІМ Көші-қон қызметінің, шет мемлекеттердің өкілдіктерінің және Халықаралық көші-қон ұйымның жәрдемімен мұндай адамдарға рұқсат құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді», - деді Нұрділдә Ораз.

Оның дерегінше, жыл басынан бері төлқұжаттарының мерзімі өткен 675 шетелдік еліне оралу үшін куәлік алды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері 2,5 мың заңсыз мигранттың ел аумағынан өз еріктерімен шығуына көмек көрсетті.

«Дегенмен, барлық шетелдік құжаттарын реттемеген немесе Қазақстан Республикасы аумағынан шығып кетпеген», - деді ресми өкіл.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT