Қазақстан аумағын геологиялық зерттеумен қамту 683,9 мың шаршы шақырымға ұлғаяды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылы геологиялық материалдарды сақтау инфрақұрылымымен қамтамасыз ету 100 пайыз болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының «Энергетика саласын дамыту» бағыты ауқымында инвестициялық тартымдылықты арттыру және геологиялық материалдарды сақтау және өңдеу бойынша қазіргі заманғы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көзделген.

«Аумақтың геологиялық зерттелуін қамту 683,9 мың шаршы шақырымға ұлғаяды. Саланың инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында қор қоймасы, 2 керн қоймасы салынып, 4 керн қоймасына жөндеу жүргізіледі. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай геологиялық материалдарды сақтау және өңдеу бойынша мемлекеттік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 100 пайызға дейін жеткізіледі», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар