Қазақстан Ауғанстанға тауық жұмыртқасын экспорттады
Жасалған шарт бойынша компанияның сұранысымен экспортты ұйымдастыру мақсатында Экспорттық орталық тауық жұмыртқасын экспортқа шығаруға мүдделі қазақстандық құс фабрикаларына, көлік компанияларына, сондай-ақ кеден өкілдеріне іздестіру жүргізді және ұсынды. Бұдан басқа, экспорттық кедендік баж мен алымдардың әрекеттері мен қолданылуы, ветеринарлық-санитарлық қадағалаудың бақылауындағы өнімдерді экспорттауды рәсімдеу туралы түсіндірме ақпарат берілді.
Бүгінгі таңда «Хасиб кунаив» ЖШС Алматы облысынан Ауғанстан Ислам Республикасына 16,8 тонна (288 мың) тауық жұмыртқасының алғашқы партиясын экспорттады. Жылдың аяғына дейін компания Қарағанды облысынан 67 тонна жұмыртқаны жөнелтуді жоспарлап отыр. 2018 жылы 7 000 тонна экспорттау жоспарланып отыр.
Айта кетерлігі, Экспорттық орталық АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ базасында құрылды.