Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік көмегін жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсетеді. Жақында Үкіметтің Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету туралы қаулысы шықты. Ауғанстанға азық-түлік көмегі жіберілді. Жалпы әр мемлекет өз мүмкіндігінше, медициналық құралдар мен азық-түлік сынды көмек беріп жатыр», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаш Нұр-Сұлтан әуежайында.

Еске сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанға «Qatar Airways» әуе компаниясының арнайы рейсімен 9 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанға БАӘ, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Ресей және Түркиядан гуманитарлық көмек келді.


Соңғы жаңалықтар