Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік көмегін жеткізуші бола алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік көмегін жеткізуші бола алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің атап өтуінше, Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының Қазақстанның оңтүстік астанасында орналасуы аталған елге көмек көрсету үшін Алматы қаласында халықаралық хаб құру бастамасының жүзеге асырылуына маңызды дәлелі болып отыр. Ол Ауғанстанға халықаралық көмекті үйлестіруші орталыққа айнала алады. Сол арқылы Ауғанстан экономикасы күйреуінің алдын алуға, босқындар легінің артуына жол бермеуге, өзге де гуманитарлық сипаттағы салдарды болдырмауға сеп болады.

«Көлік логистикасы тұрғысынан Алматының қолайлы орналасуы (Кабуылдан ұшақпен 3 сағаттық жер) және транзит хабын ұйымдастыру үшін қажетті ифрақұрылымының болуын да маңызды фактор санаймыз. Сонымен қатар Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде астық пен ұн сынды азық-түлік көмегін жеткізуші де бола алады. Тиісті уағдаластыққа қол жеткізілген жағдайда Ауғанстанға жүк тасымалдау үшін әуе кемелерінің кірепұлы мәселесі БҰҰ құзіретінде қалады», - деп атап өтеді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар