Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Үкіметі Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұған қатысты Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойған қаулы «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыларды айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы межелі пункттерге дейін тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын» делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтардың тізбесін мына сілтемеден көруге болады.


Соңғы жаңалықтар