Қазақстан Ауғанстан еліндегі білім беру мен әлеуметтік жобаларын жалғастыра түсетін болады

None
None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Ауғанстан мәселесі талқыланып жатқан Бонн конференциясы барысында ҚР СІМ Ержан Қазыханов сөз сөйледі.

Онда сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанның Ауғанстандағы әлеуметтік және білім беру саласындағы жобаларын жалғастыра түсетінін атап өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

СІМ таратқан мәліметтеріне қарағанда, аталған конференцияға әлемнің 65 елінің сыртқы істер министрлерін қоса алғанда, жалпы саны 90-нан астам делегация қатысып отыр.

Ауғанстанды қалпына келтіру, елдің экономикалық және әлеуметтік күш-қуатын дамыту мәселелері Қазақстанның халықаралық саясатындағы басым бағыттарының бірі болып табылады. «2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында Қазақстан аталмыш Ұйым тетіктерін пайдалана отырып, Ауғанстан мәселесін шешуде көп күш -жігер танытты. Бұндай желі біздің ИЫҰ Сыртқы істер министрлігінің кеңесіне төрағалық барысында да сақталуда. Бұл бағытта нақты жетістіктер баршылық. Мәселен, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Кабулде кеңсесі ашылды, Транс-қор жұмыс істей бастады, сондай-ақ арнайы өкіл мен байланыс тобының жұмыстары да жанданды», - деді Бонндағы конференцияда Е. Қазыханов.

Осымен қатар, Қазақстан алдағы уақытта да Ауғанстанда бейбіт өмірді қалыптастыру жұмыстарына жәрдемдесетін болады. «Бұл ретте Қазақстан әлеуметтік және білім беру саласындағы жобаларға баса назар аударады, - деді Е. Қазыханов.

Соңғы жаңалықтар